Төмендегі сұрақтарға жауап беріп көріңдер. 1. Асан қайғының жерұйықты іздеудегі мақсаты, арманы неде деп ойлайсыңдар?
2. Асан қайғы қай жерде қайтыс болған?
3. Сендер үшін жерұйық қай жер деп ойлайсыңдар?
Жерұйық - ең жақсы, шырайлы, адамға ең қолайлы жер
комектесинизши берем ​

nataalferova8 nataalferova8    1   22.10.2020 15:33    0

Ответы
котяточка котяточка  21.11.2020 15:35

Объяснение:

Ел аралап, жер кезген Асан қайғының негізгі арманы халыққа жайлы қоныс іздеу болғандығы баршамызға мәлім. Желмаясын мініп ап, Асан қайғының аралаған жерлеріне айтқан сындары мен берген анықтамалары сол өз заманының талап - тілектері мен халық жағдайынан туған болжамдар болса керек. Фольклорлық деректер бойынша, Асан Қайғы Қазақстанның және Орта Азияның жерін желмаясына мініп көп кезген ақылгөй, дана болып суреттеледі. Оның бармаған жері, баспаған тауы жоқ десек те болады. Себебі жер жәннәтін іздеп, табу - баяғы Қорқыт заманынан келе жатқан әлеуметтік сарын. Көшпенділер философы атанған Асан қайғы өз заманындағы қоғамдық өмірге үңіле қарап, халықтың тартып отырған ауыр азабын - аш жалаңаштық, жұт, апат, өзара қырқысқан жаугершілік, әлеуметтік теңсіздікті көріп назаланды, күңіреніп, қайғырады. Оның ғайыптан армандаған Жерұйығы - суы сүт, топырағы май, тасы алтын, ағаш басы толған жеміс-жидек, жұрт қайғы-қасіреттен аулақ құтты қоныс, оған жеткен елді жау алмайды, онда ел аласы, ру таласы жоқ, "қой үстіне бозторғай жұмыртқалайды," - деп санаған болатын.

Асан кайгы Асан Қайғы – жырау, ойшыл, абыз. Асан Қайғы шамамен XIVғасырдың аяғында дүниеге келіп, XVортасында Сарыарқадағы Ұлытауда дүниеден озған. Асан Қайғы атанып кеткен Хасан Сәбитұлы бір деректерде Еділ бойында дүниеге келген делінген. Ал атағы бір деректерде әкесі Сәбит Арал өңіріндегі Сырдария жағасын қоныс еткен саятшы дейді. Асан Алтын Орданың ықпалды билерінің бірі болған. Алтын Орда ыдыраған кезде Дешті Қыпшаққа қайтып оралады. Қазақ Ордасын құрған Керей хан Жәнібек хандардың ақылшы биі болған.

3 жеруйык жер жаннатты деседе болады!Алемдеги Ен керемет жер!

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi