Тіл үйрену бала санасында ұлттық бірегейліктің қалыптасуымен өріле байланыса жүреді. Мысалы, Ж.Пиаже деген психолингвист ғалым: «Баланың санасында 9-12 жас аралығында өзінің ұлттық бірегейлігі қалыптасады» дейді. Ұлттық бірегейлік психологиялық құбылыс ретінде танылған: тұлғаның өзін бір нәрсенің өкілі, мүшесі санау, жақтаушысы ретінде тануы. Мысалы, бала дүниеге келген соң, өзінің кім екені туралы ойлана бастайды. Сөйтіп, 9-12 жасында өзінің қай ұлттың, мәдениеттің өкілі екенін түсінеді екен. Оның соны түсінуіне әсер ететін нәрсе — ең алдымен тілі, ортасы, қоғамы. Мысалы, үйде атасы-әжесі, ата-анасы орыс тілінде сөйлесе, бала өзін орыс ұлтының өкілімін деуі әбден мүмкін. АСТАРЛЫ ОЙДЫ АНЫҚТАУ(3-4) СӨЙЛЕМ.