Жазылым. 1-тапсырма. Өлең мәтіні бойынша деректі және дерексіз зат есімдерді тауып жазып, /3/ сөйлем құрастыр. Деректі зат есім: гүл, тоғай, қыран.
Дерексіз зат есім: үміт, сыр, тілек.

Оқылым. Айтылым. 1-тапсырма. Туған жер туралы мақал-мәтелдерді оқы. Мән-мағынасын түсіндір. Сабақтың тақырыбымен байланыстырып, өз ойыңды айт.

Тілдік бағдар. Жай сөйлем.
Жай сөйлем - бір не бірнеше сөз бен сөз тіркестерінен құралып, тиянақты бір ғана ойды білдіретін сөйлем.
Жай сөйлемнің негізгі ерекшелігі:
-құрамындағы сөздер бір-бірімен мағыналық байланыста болады;
-екпін тұтастығы сақталады;
-сөздердің орын тәртібі сақталады.
Мысалы: Мен туған өлкемді жақсы көремін. Бүгін күн жылы.

zinovevartem2017 zinovevartem2017    3   04.12.2020 08:07    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi