Составьте диалог на тему "кітап дүкенінде"

Elnura85 Elnura85    2   07.06.2019 20:40    3

Ответы
                                            Диалог: " Кітап дүкенінде"
- Сәлеметсіз бе, апа! Сіз қандай кітап алғалы тұрсыз?

- Аманбысың, балам. Қасым Қайсеновтың таңдаулы шығармалары берілген кітапты алып, оқымақпын.

- Неге Қасым Қайсеновты оқығыңыз келді?

- Себебі, партизан жазушы Қасым Қайсеновтың шығармаларында  Ұлы Отан соғысы туралы жазылған. Күні кеше тойлаған Жеңіс мерекесі қарсаңында Қ.Қайсеновтың туындыларымен танысқым келді.

- Ендеше, бұл кітапты оқыған кезде Отанға деген сүйіспеншілік сезімі арта түсетін шығар. Солай ма, апа?

- Дұрыс айтасың, балам. Ал сен кітап дүкеніне қандай кітап алуға келіп едің?

- Мен кітап оқығым келіп, дүкенге келген едім. Енді қандай кітап аларымды білмей тұрмын. Сіз маған кеңес берсеңіз жақсы болар еді. 

- Жарайсың, балам. Кітап оқысаң, тіл байлығың көбейіп, көп нәрсені үйренесің.  Мен саған М.Әуезовтың "Абай жолы" роман-эпопеясын оқуға кеңес берер едім. Ол кітапты оқитын болсаң, қазақтың ұлы ақыны Абайдың өмірімен, шығармашылығымен толықтай таныс боласың. Мен бұрын сол кітапты оқып, ерекше әсер алдым. 

- Кеңесіңіз үшін рахмет, апа. 

- Оқасы жоқ, балам. Кітап дүкеніне жиі келіп, кітап оқып жүруді ұмытпа. Кітаптың саған берер пайдасы көп.

- Жарайды, апа. Сізге үлкен рахмет. Сау болыңыз!

- Сау бол, балам.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi