Сор по казахскому в онлайн мектеп,вот по этому тексту Күй - қазақ халқының ұлттық өнері, олар қуаныш пен қайғыны күй арқылы жеткізген. Күй – қазақ халқының ең басты рухани байлығы. Күйді қазақтың екінші тілі десе де болады.

Күй – махаббат, азаттықтың, еркіндіктің жаршысы.

Құрманғазы Сағырбайұлы – күй атасы, қазақтың күйші, композиторы, домбырашы, халықтың аспаптық күй өнерінің классигі. Ол Орал облысында туған. Құрманғазының алғашқы ұстазы – Ұзақ болған. Ұзақпен бірге ел аралап, домбырашылық өнерін жетілдірген, өнер сайысына түскен. Құрманғазының алғашқы күйлерінің бірі – «Кішкентай». Одан кейін «Ақ бай», «Ақсақ киік», «Көбік шашқан», «Адай», т. б. күйлерін шығарған.

Күй анасы - Дина. Атақты күйші, композитор Дина Нүрпейісова да Орал облысы, Бекетай құмында, қарапайым шаруаның отбасында туған. Әкесі Кенже Динаны бала кезінен еркін өсірген. Ол 7-8 жасында қолына домбыра ұстайды. Тоғыз жасында ұстазы Құрманғазымен танысады. Дина өз заманының белгілі күйшілерімен кездеседі. Олар: Ұзақ, Түркеш, Көкбала және т. б. Осы күйшілердің шығармаларымен танысады. 1888 жылы Құрманғазы Динаға: «Менің күйлерімді кейінгі ұрпаққа жеткіз», - деп өз домбырасын ұсынған. Дина ұстазының өсиетін орындады. Динаның кең тараған күйлері: «Әсем қоңыр», «Той бастар», «Жеңіс», «Ана бұйрығы», «Бұлбұл», т. б


Сор по казахскому в онлайн мектеп,вот по этому тексту Күй - қазақ халқының ұлттық өнері, олар қуаныш

soneta991 soneta991    2   03.03.2021 07:50    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi