Сочинение про собаку на казахском языке 5,6строчек

ппапаапа ппапаапа    2   16.08.2019 14:40    2

Ответы
amina322 amina322  04.10.2020 23:00

Шығарма

Ит – адамның досы.

Қазақ халқы:"ит - жеті қазынаның бірі" деп бекерге айтпаған.Итті көптеген елдер қастерлеген.Әсіресе,қазақ халқы итті досымыз деп білген.

Ең алғаш қолға үйретілген аң ит екен.Ит адамға аң аулап,азық табуға,қорғануға көмектескен.

"Ел жатпай - ит тынбас" демекші,ит - отбасының,үйдің сақшысы.Олар тіпті адамдар жасай алмаған ерліктерді де жасай білген.Мысалы,ғарышқа алғаш Белка мен Стрелка деген иттер ұшқан еді.

Иттердің өз иелеріне деген адалдығын көрсететін көптеген шығармалар мен фильмдер бар.Хатико атты иттің өз иесін көптеген уақыт бойы күтуі,"Меган Ливи" атты фильмдегі Рекс деген иттің иесін бірнеше рет қорғап қалуы деген секілді туындылар көп-ақ.

"Жақсы ит - иесінің көзі, құлағы" деген екен дана халқымыз.Шынымен де,иттер адам көрмеген нәрсені көріп,сезінеді.Сондықтан да,жеті қазынамыздың бірін қастерлей білейік.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi