Сочинение на тему мұнай өнімдері на казахском языке

WhiteBurn WhiteBurn    2   31.08.2019 03:10    0

Ответы
KILOBAIT KILOBAIT  06.10.2020 06:13

Атыраудың табиғи жедеғабыл, жаны ашымай, болашақты ойлаңқырамай игерудің салдарынан табиғаттағы тепе-теңдікті және дамудың тұрақты ырғақтылығын үнемі сақтамау, бұларды ондаған жылдар бойы бұзу аймақтағы экологиялық ахуалдың нашарлауына әкеп соқтырады. Ұзақ жылдар жылдар бойы табиғатты қорғауға, халықты экологиялық зардаптан сақтауға жете назар аудармай келгені мәлім. 1998 жылы ауаға ұшқан зиянды заттардың мөлшері 22,3 мың тоннаға өскені немесе 1980 жылғыға қарағанда 33,9 пайызға көбейгені осының айқын дәлелі бола алады. 1998 жылғы дере бойынша облыстың ауа кеңістігінің су айдарында және топырақ бетіне тасылатын зиянды өндірістік заттарды жан басына шаққанда, әр жанға 404 кг улы-зиянды заттардан келеді.  Саралап көрсетсек, алалмыш зиянды заттардың 7%-і Атырау мұнай өңдеу зауыты, 53%-і «Теңізшевройл» бірлестігі, 28%-і «Ембімұнайгаз» және де 12%-і «Теңізмұнайгаз» өндірістік бірлестігінің үлесіне тиеді, яғни өнім өндіру көлемі ұлғайған сайын бүкіл қоршаған орта, сондай-ақ, су, топырақ беті және ауаның ластануы жеделдей түсуде. Төңіректі қорғау шаралары мүлде сылбыр жүзеге асуда.

Атырау өңірі табиғатты экологиялық жағынан ежелден қолайсыз, батпақты, тұзды топырақ болып келеді. Оның үстіне кейінгі кезде құрамында күкіртті сутегі газы 25% мөлшерде Теңіз кен орнының ашылуы, оның өндіріске берілуі, Теңіз газ өңдеу зауытының іске қосылуын экологиялық жағдайды қиындата түсірді.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi