2. Оқылым мәтінінен қиысуға 7-8 мысал келтіріңдер. Бағыныңқыжәне басыңқы сыңарларын грамматикалық тұлғасына қарай талдаңдар. Ғарышкерлер тамағын әзірлеумен диетолог және инже-
нер ғалымдар айналысады. Ғарышкерлер тамағы барынша
жеңіл, пайдалы болуы, жақсы сақталуы тиіс. Ғарышкер-
лердің рационы 50 жыл ішінде көп өзгеріске ұшырады.
Адамдардың пайдалы тамақ туралы көзқарасының өзгеруі,
ғылыми технологияның дамуы бәрі ғарыш тағамы үрдісі-
нің ауысуына септігін тигізді. Мысалы, 60-жылдары синте-
тикалық тағамдар пайдалы саналатын. Ал соңғы онжылдык-
тағы басты тренд — табиғи азық-түлік, көгөніс пен жемістер.
Сонымен бірге ғарышкерлер тағамдары барынша аз орын ала-
тын әрі жеңіл болуы тиіс. Инженер ғалымдар жылдан жылға
осы мәселені шешуге тырысуда.