Соңғы жылдары жер бетінде табиғи апаттардың көбеюіне антропогендік факторлардың тікелей әсері бар. Антропогендік апаттарға:
көлік, ұшақ апаты, өнеркәсіптегі апаттар, өрт, климаттың ғаламдық
жылынуы, қышқыл жаңбыр, ОЗОН қабатының тесілуі, мұхиттардың
ластануы, топырақтың эрозияға ұшырауы, орманның оталуы, фауна мен
флораның жойылуын атауға болады. Антропогендік апаттар тікелей
адамның іс-әрекетінен туындап, қоршаған ортаға орны толмас ШЫҒЫН
Әкеледі. Антропогендік ауыртпалықтар нәтижесінде Қазақстанның
болашақ экономикасын, әлеуметтік дамуын қамтамасыз ететін қоршаған
ортаның табиғи қабілеті бұзылады. Бір ұрпақтың көзінше Арал теңізінің
ауданы екі есе қысқарды. Балқаш көлін де осындай тағдыр күтіп тұр.
Ауыр металдармен, мұнай өнімдерімен Қостанай, Павлодар, Шығыс
Қазақстан, Атырау, Қарағанды, Батыс Қазақстан жерлері ластанған. Ақтау
қаласы мен Каспий теңізіне де экологиялық қауіп төніп тұр. Балқаш кен
металлургия комбинатының қалдықтары Балқаш көлін ластады.
Қазақстанның кең байтақ жері әскери полигондар мен ғарыштық кемелер
ұшырудан зардап