Скоро звонок надо составить на казахском языке монолог на тему . казахстан жеріндегі ежелгі қалалар

garachuk75 garachuk75    1   04.10.2019 18:00    2

Ответы
zagyramasa zagyramasa  09.10.2020 20:09

Қазақстанның ежелгі қалалары – жазба деректемелер мен археологиялық материалдар нәтижесінде анықталған байырғы қоныс орындары, қала жұрттары. 6 – 9 ғасырларда Оңтүстік Қазақстан мен Оңтүстік-Батыс Жетісуда қала мәдениеті жақсы дамыды. Саяси жағынан бұл аймақтар түрік әулеттеріне бағынды және реті бойыншаБатыс Түрік, Түргеш, Қарлұққағандықтарының құрамына енді. Бұл кезеңде көшіп жүретін жер аумағы шектеліп, көш жолдары қалыптасты, тұрақты қыстаулар мен жайлаулар орнығып, егіншілік пайда болды, отырықшы кедейлер тобы бөлініп, жекелеген рулық топтар отырықшылыққа көшті. Мемлекеттік төрешілдік аппарат құрылып, ортақ тіл мен жазу қалыптасты, сауда және дипломаттық байланыстар дамыды. Осындай жағдайда әкімшілік және қолөнер, сауда, мәдениет орталығы ретінде қалалар салына бастады. Оңтүстік Қазақстандағы ең ірі қала Исфиджаб саналады. Ол 629 ж. Сюань-Цзянның жылнамасында “Ақ өзендегі қала” атымен алғаш аталады. Кейін Махмұт Қашқари Сайрам – ақ қаланың аты (әл-Мединат әл-Байда), ол Исфиджаб деп, кейде Сайрам деп те аталғанын жазады. Сайрамнан Шашқа баратын жол бойында 8 – 10 ғасырларда Газгирд (Қазығұрт) болған.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi