Бізді сұлу әлем қоршап тұр. Ол қызылды- жасылды түрлі түсті бояуларға толы. Әлемге адамдар әр түрлі көзбен қарайды. Біреуіне әлем сұлу көрінсе, екіншісіне сұрқай көрінеді. Ол біздің дүниетанымызға байланысты. Айналаны қоршаған орта, табиғат, гүлдер, ағаштар, адамдар, қызылды - жасылды бағдаршам көздері, шамдар, биік, зәулім ғимараттар біздің әлеміміз. Оны қандай көзбен көреміз, ол өзімізге байланысты.