Скопируйте из текста 4-5 прилагательных и составьте из них предложения
вот текст
Қазақ жері неткен көркем, неткен бай! Елі алып, жері ұлан-ғайыр.
Қазақстанның картасын қараңдаршы: оның алып, ұлан-ғайыр екені не көз жеткізесің. Қазақстан аумағы 2724,9 мың шаршы километрге тең Қазақстан шекарасының ұзындығы — 15000 километр. Тіпті қазақ жерінің шығысынан батысына қарай күн үш сағат өтеді екен. Осындай алып жер rе шикізат пен қазба байлықтарды қос! Қазақстан шикізат, қазба байлығы жағынан дүниежүзіндегі 186 елдің ішіндегі ең бай он елдің қатарына кіреді. Қазба байлықтар қорынан мынадай орын алады: корғасын, вольфрам коры бойынша 1-орын, күміс пен мырыш коры бойынша 2-орын, марганец коры бойынша 3-орын, мыс қоры бойынша 4-орын, уран қоры бойынша 5-орын, алтын қоры бойынша 6-орын, темір кені бойынша 7-орын, жанғыш кемір, газ қоры бойынша 9-орын, мұнай коры бойынша 13-орын. Бұл - ғаламат байлық.
Орталық Казакстанда көмір, жез, қорғасын, мырыш, құмтас өндіріледі. Мұнда көмір қоры 200 миллиард тоннадан асады екен. Солтүстікте алтын, темір; шығыста қорғасын, мырыш; оңтүстікте қорғасын; оңтүстік, шығыс, солтүстікте мармар кенорындары бар.
Батыста, Каспий жағасындағы құрлықта 2,2 миллиард тонна, су астын да 4,5 миллиард тонна мунай жатыр. Аралдың айналасында 350 миллион тонна мұнай бар. Мунай кубыры 10715 шақырымға созылған. Міне, Казак даласы - осындай!