Синтез: 1. Митоз және мейоз құбылыстарын ұқсастығы мен айырмашылық
белгілері бойынша жіктеңдер.
2. Тірі материяның дамуындағы үлкен эволюциялық жетістіктер ретінде
мейоздың рөлі туралы эссе жазыңдар.
3. Денесінде тек ғана гаплоидты жиынтықты хромосомасы бар және
ешқашан мейоздық бөліну жүрмейтін ағзалар болуы мүмкін бе?
4. Биологиялық үдерістерді қамтамасыз етудегі митоздың рөлін
бағалаңдар.