Абай құнанбаевтің "ескендір" поэмасындағы ақын жеткізген ескендердің әлсіздігін талдап жазу қажет, өтініш, көмек қажет

michytka2305200 michytka2305200    1   27.08.2019 02:50    3

Ответы
666Евгения69 666Евгения69  05.10.2020 22:01

      Абай Құнанбаевтың "Ескендір" поэмасындағы ақын жеткізген              Ескендірдің әлсіздігін талдап жазу.

  "Ескендір" поэмасы - Абай Құнанбайұлының гуманистік ойпікірін танытатын туындысы болып табылады.Поэмада бізге Ескендір Зұлқарнайын,Еуропада Александр Македонский деген есіммен белгілі қолбасшысының өмірі сөз болған.Ескендірдің жанында ақылшысы ретінде ұлы ғалым Аристотель бейнесі берілген.Поэмадан біз алпауыт қолбасшының әлсіздіктерін де көре аламыз.

   Ескендір жасы жиырма бірге енді толса да сұсты,өз қол астындағыларды тәртіпті ұстайтын қолбасшы.Алайда,поэманың басында-ақ автор оның дүниеқоңыз,тойымсыз екендігін:

Өз жұрты аз көрініп, көршілерге

Көз алартып қарады оңды-солды.

Сұмдықпен әскер жиып қаруланды,

Жақын жерге жау болды, тұра аттанды,-деген жолдардан көреміз.Ол астындағы алып иелікке қанағат тұтпады.Жолында кездескеннің бәрін жайратты,маған тиесілі деді."Алтын көрсе,періште жолдан таяды"дегендей,ол тіпті ағып жатқан ерекше бұлақты бай елдікі деп,сол бұлақ бойымен жүріп,кездескен елді де басып алуды ойлайды.Бірақ бұл жерде де қолбасшы осалдығын көрсетеді.Алынбай қойған алтын қақпасы бар елден ол тым болмаса сыйлық беруін өтінгенде қақпаның арғы жағынан лақтырылған қу сүйекті көріп,ашуға мінеді.Ақылшысы Аристотельдің:

...Тоя ма адам көзі мың-мың санға...

...Қанша тірі жүрсе де өлген күні

Өзге көзбен бірдей-ақ болады екен,-деген сөзіне Ескендір тоқтап,қатесін түсініп еліне қайтады.Қатыгездік,қанағатсыздық,дүниеқоңыздық - Ескендірдің әлсіз тұстары демей,немене?

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi