Шымбұлақ – Қазақстанның ең танымал, саяхатшылар көп келетін тау-шаңғылық
курорты. Әсем қала Алматы орталығынан 25 шақырым жерде, Іле Алатауы шатқалынан
2260 метр биіктікте орналасқан. Ауа райы келушілер үшін қолайлы болып табылады. Жаз
кезінде орташа температура +20С болса, қыс мезгілінде -7С-қа дейін барады. Мұндағы
қардың орташа деңгейі 150 см болады. Шымбұлақ қоңыр салқын күздің қарашасынан
бастап мамырға дейін қар астында жатады.
«Медеуден» «Шымбұлаққа» дейін аспа жол бар. Оның ұзындығы – 4,5 шақырым. Бұл
жерде түрлі сауықтыру орталықтары мен кешендер жұмыс істейді. Мұнда
демалушылардың қауіпсіздігі қатаң қадағаланады.
Денсаулық саяхат кезінде ерекше күтімді қажет етеді. Саяхатқа шықпас бұрын барар
жердің климаты, тамағы жайлы алдын ала ғаламтордан біліп алыңыз. Жолға жиналғанда
қажетті заттармен бірге дәрі-дәрмек салынған қобдишаны алуды ұмытпаңыз. Ауа райына
сай киінуді де ұмытпаған жөн.
1. Берілген тұжырымдардан екі «шын» ақпаратты анықтаңыз. [1]
Тұжырым Шын Жалған

Шымбұлақта ауа райы келушілер үшін қолайлы емес.
Аспа жолдың ұзындығы – 5,4 шақырым.
Шымбұлақта түрлі сауықтыру орталықтары мен кешендер қызмет
көрсетеді.
Саяхатқа шыққанда ауа райына сай киіну керек.
2. Мәтіннен берілген сөздің синонимдерін табыңыз. [1]
ыңғайлы (синоним) -
Мәтіннен берілген сөздің антонимін табыңыз. Жаз - [1 ]
3. Сөйлемдерді мәтін мазмұны бойынша рет-ретімен орналастырыңыз (1, 2, 3).
[1]

Мәтіндегі ақпараттар Реті

А Мұнда демалушылардың қауіпсіздігі қатаң қадағаланады.
В Саяхатқа шықпас бұрын барар мекенің жайлы алдын ала ғаламтордан
біліп алыңыз.
С Шымбұлақ – Қазақстанның саяхатшылар көп келетін тау-шаңғылық
курорты.

4. Мәтін мазмұнына сай келмейтін сөзді көрсетіңіз. [1]

танымал қолайлы
аспа жол сауда жолы

5. Сұраққа толық жауап жазыңыз.
Саяхатқа қалай дайындалу керек? [1]

ЖАЗЫЛЫМ
Берілген тапсырмалардың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Сөздерді
орфографиялық нормаға сай жазып, қосымшаларды дұрыс жалғаңыз, жазба жұмыста
етістіктің шақтарын, сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданыңыз соч

AraEv AraEv    3   20.05.2020 09:31    16

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi