Шығамын тірі болсам, адам болып, Жүрмеймін бұл дүниеде жаман болып,
Жатқаным көрде тыныш жақсы емес пе?
Жүргенше өмір сүріп, надан болып.
Мен -балаң жарық күнде сәуле қуған,
Алуға күнді барып белді буған.
Жұлдыз болып көрмеймін елдің бетін,
Болмасам толған айдай балқып туған.
Бұл сөзім асып айтқан асылық емес,
Ойында оты барлар асылық демес.
Тебем деп тірі болсам надандықты,
Серт етіп өз - өзіме еткем егес.

осы оленге пікір айту керек көмектесіндерші​

nyragka nyragka    3   19.01.2021 08:45    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi