"Шоқан-қазақтың тұңғыш ғалымы" эссе

filysh74 filysh74    1   12.12.2020 01:59    0

Ответы
Pitbull2015 Pitbull2015  11.01.2021 02:00

Қазақтың тұңғыш ғалымы, ағартушы-демократы Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов өмірі мен қызметі халқымыздың қоғамдық өрісі мен мәдениеті және әдебиеті дамуында бейне бір сілкініс болды. Қыр сахнасында қоғамдық ой-пікірдің жүйелі ғылыми негізде қалыптасып дамуына мүмкіндік те, жағдай да жоқ кезде Шоқанның ғылымның алуан түрлі саласымен шұғылданатын жан-жақты ғалым болуына тура келді. Ол тарих, этнография, археология, социология, экономика, филология ғылымдары саласында жемісті еңбек етті, жазушы, публицист, аудармашы, суретші болды. Ғұлама ғалым соншалықты қысқа ғұмырында кейінгі ұрпаққа аса бай, бағалы мұра қалдырды. Ш.Ш.Уәлихановтың алуан арналы бай мұрасын, ондағы қисапсыз мол ой толқындарын толық игеру, ғылымның әр саласына қосқан үлесіне бойлау әрі зерттеу жылдар өткен сайын маңыздала бермек.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi