Шаруалар қозғалысының көрнекті қайраткері, қаһармен ақын, әр күйші, қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі- Махамбет Өтемісұлының өз халқы үшін еткен еңбегі зор. Ол жырымен де , күшімен де озбырлыққа, зорлыққа қарсы аянбай күресті. Махамбеттің ұлылығы – езілген шаруалар табына шын беріліп қызмет етуі, оған теңдік, бостандық әперем деп күреске шығуы. Махамбет үгітші , насихатшы ғана емес, ол шаруаларды күреске ұйымдастырып басқарушы, қолына қару алып «қара қазан сары бала қамы үшін» ашық қимылға шыққан батыр.
Сондықтан оның өмірі, қызметі кейінгі ұрпақтың таптық санасын, патриоттық сезімін оятып , өз халқы үшін қайтпас- қайсар, қажырлы күреске тәрбиелейді. Махамбеттің жігерлі жырлары, өткір сөздері кімнің де болмасын ішкі жан дүниесін оятып , жүрегін тебірентеді.
ЗАДАНИЕ
"Біздің заманымызда Қозы Көрпеш пен Баян сұлудың махаббатындай махаббат жоқ" сөйлеміне өз пікіріңізді жазыңыз.
Төменде берілген пікір жазу талаптарын сақтаңыз:
Бірінші сөйлем «Менің ойымша, ... »
Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін ... »
Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын ... »
Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім ... »