Әсемпаз болма әрнеге 5-7 сөйлем ​

Невидимка003 Невидимка003    3   07.04.2020 08:20    1

Ответы
11111Ангелина11111 11111Ангелина11111  12.10.2020 21:21

Абай Құнанбайұлының «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңі 1894 жылы жазылған. Бұл өлең ең алғаш Абайдың 1909 жылғы жинағында жарық көрген (6-бөлік. Нәсихат туралы, 54 бет). Ұлы ақын аталған өлеңін өзі үміт еткен талапкер жастарға арнаған. Туған халқына қадірлі адам болудың, қасиетті адал азамат болудың сипаттарын суреттеп түсіндіре келіп, қауымға пайдалы жан бол: «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар, қалан!» деп, айқын жол нұсқап береді.

  «Көп наданнан» көңілі қалып түңілсе де, жас ұрпақтан түңілмейді, үмітін үзбейді, соларға сеніп, өсиетін соларға арнап айтады.

  «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңі халық ішінде сонымен қатар бүлдіршіндердің арасында ең көп тараған өлеңдердің бірі. Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің ұйымдастыруымен жыл сайын мектеп жасына дейінгі балалар арасында дәстүрлі «Әсемпаз болма әрнеге» байқауы өткізіліп келеді.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi