Сделайте перевод на русский:
Бөлтіріктің қартайған шағында ақыл сұрай келген бір жас жігіт: - Ақ ата (Бөлтірікті жұрты осылай атаған), бақ кімге қонады? Бала ыстық па, байлық ыстық па?- дейді. Сонда Бөлтірік: - Қарағым, байлық – қолға ұстаған мұзың емес пе, бақ – ол да ұшқан құсың емес пе, бала – артта қалған ізің емес пе?! Бәрінен жолдас-жораңмен, ағайын-туысыңмен, ел-жұртыңмен сіз-біз деп өмір сүргенге не жетсін. Осыларға жүрегің жылы болса, қайғың – күл, қуанышың – от!- дейді.