ВРЕМЯ НА ЗАДАНИЕ: 04:23 ТЕКСТ ЗАДАНИЯ

Берілген мәтінді 2 рет мұқият оқып шығыңыздар. Мәтіннің негізгі ойын білдіретін тірек сөздерді анықтаңыз.

Күнделікті өмірде спортты сүйетін жан өте көп. Спорт хабарларын асыға күтіп, спортшылардың жанкүйері болып жүргендер де біршама. Адамды ұлты мен тіліне, діні мен түр-түсіне бөлмей, өзіне ынтызар еткен спорт дегеніміз не?

Спорт - адам денсаулығының кепілі. «Тәні саудың, жаны сау» деген сөздің мағынасын түсінсе, спорттың қадірін біледі. Спорт-ең алдымен бәсеке.Үнемі алға ұмтылуға, үйренуге, тер төгуге баулиды. Тоқтап қалмауға, ізденуге үйретеді. Бәсекеге қабілетті болуға үйрететін нағыз тәрбие көзі. Ең бастысы спорт - бейбіт бәсеке.

Спорт - саясат. Ол бейбітшілік елшісі. Елдің күшін, ердің ерлігін, рухтың биіктігімен ұлттар достастығын да анық байқататын спорт. Байрақ - спорт төресі, ол әрқашан олимпиадада спортшының қай елден келгенін танытып отырады.

Спорт - өнер. Дене еңбегі мен ой кеңістігін қатар кажет ететін спорт биік өнердің бір түрі. Ол талантты, шеберлікті, еңбекқорлықты талап етеді.

Спорт - тәрбие құралы. Жас ұрпақ жүрегіне отансүйгіштік сезімін қалыптастыру үшін спорт таптырмас көмекші. Спортты сүю арқылы балаға тек салауатты өмірді насихаттап қана қоймаймыз. Сонымен қатар еңбекқорлық, төзімділік, адалдық, әділдік сияқты жоғары қасиеттерді де қалыптастыруға болады.

(162 сөз)

спорт, спортшылар, жанкүйер, бәсеке, олимпиада, салауатты өмір

спорттың қадірі, ынтызар, ерлік, рух, төзімділік

спортты сүйетін, тілі, діні, ұлты, тәні сау, өнер

спорт төресі, адалдық, әділдік, шеберлік, тәрбие көзі

софи253 софи253    3   21.12.2020 23:04    0

Ответы
grenika grenika  20.01.2021 23:07

спорт төресі, адалдық, әділдік, шеберлік, тәрбие көзі

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi