Сатып осы
қалмай жойылып кетіпті. Жер түбіндегі мысырлық ғалым
Птоломей болмаса, біз де ондай кітапхана болғанын білмес
те едік. Осы кітапханадан білім алған, бүкіл әлем
мойындаған Әбу-Насыр әл-Фараби туралы деректерді де тек
соңғы кезде алыс шетел деректерінен таптық. Отырардын
өзінде әл-Фарабиден де білімі жоғары, оған білім үйреткен
талай ғалымдардың болуы да мүмкін. Себебі Отырар
кітапханасын әл-Фараби жинамағаны айтпаса да түсінікті.
Бұл кітапханада жүздеген жылдар бойы қаншама ғалымдар
еңбек етті. Ол заманда кітаптың өте қымбат тұратынын
ескерсек, бұл кітапхананы жинауға мол қаржы кеткені анық.
Ол кітаптарды
алу, жинақтаудан басқа
кітаптарды сақтайтын үлкен кітапхана ғимараты және
ондағы жұмыс істейтін ғалымдарды қаржыландыру кала
бюджетіне оңайға түспесе керек. Бұндай шығынды
кішігірім қалалардың көтере алмасы белгілі. Осындай үлкен
кітапхананы IX ғасырда әлемнің жарты бөлігінен байлық
тоқтаусыз құйылып жатқан Бағдат халифтері жинақтаған.
Халиф Әл-Мамун (813-833ж.) Бағдат қаласында «Байт әл-
Хакма» (Даналық үйі) атты ғалымдар үйін ашып, дүниенің
түкпіртүкпірінен ғалымдар шақырып, кітапхана қорын
әзірлеген. Обсерватория ашкан. Кейін Бағдатта өте үлкен
кітапхана жинақтаған. Бұл «Даналық үйінде» Орта
Азияның, гректін. парсынын. Мысырдың көптеген
ғалымдары жұмыс жасады. Солардың еңбегінің арқасында
кейін «араб өркениеті» деген түсінік пайда болды.
«Даналық үйінде» ең бірінші болып Орта азиялық
математик Әл-Хорезми басшылық жасады. Әбу Насыр әл-
Фараби де Бағдат халифiнiң шақыртуымен Бағдатка барған.
Осы кездегі Бағдат Халифiнiң басты уәзірлері Фараб
қаласынан болған деген дерек бар. Халифке акыл қосатын
уәзірлердің тек білімді, кабілетті адамдардан жиналатынын
ескерсек, Фараб қаласының бұл заманда ғылым-білім,
мәдениеті өте жоғары қала болғаны айтпаса да түсінікті.
Ғылым-білімде осындай үлкен жетістікке жеткен Фараб-
Отырар қаласының негізгі табыс көзі сауда деп білеміз,
Кейін ғалымдар «Ұлы Жібек жолы» деп атаған үлкен сауда
жолының күре тамырында орналасқан каланың табысы
жоғары кала болғаны даусыз.