3. Сатиралық театрлар туралы диалог жазыңдар. Диалог жағдайын- дағы толымсыз сөйлемдерді толықтырып айтып көріңдер. Толық-
тыра айту қажет пе?​

Raydi1337 Raydi1337    3   08.04.2021 09:00    14

Ответы
alina20041002 alina20041002  08.05.2021 09:03

-Кешіріңіз, сізден сұрауға бола ма?

- Әрине, сұраңыз. Байқауымша, театрға бүгін бірінші рет келіп тұрсыз-ау деймін.

- Иә, дұрыс айтасыз. Сол себепті аздап ыңғайсызданып тұрғаным.

- Еш қобалжымаңыз. Театрға бүгін келгеніңіз дұрыс болыпты. «Томирис» өте тамаша қойылым.

- Досым кеңес беріп еді. Менің білуімше, Томирис атақты сақ тайпасынан шыққан жауынгер қыз емес пе?

- Иә, иә. Халқының жерін найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғаған, аты аңызға айналған атақты Тұмар патшайым.

- Қазақ халқында, қарап тұрсаңыз, жауынгер қыздар аз емес екен-ау. Намысты қолдан бермей, ерлерше күрескен Әлия, Мәншүк апаларымызды айтсаңызшы.

- Рас, «Ер есімі ел есінде», «Отан үшін отқа түс, күймейсің» деген мақал дұрыс айтылған. Елімізде әрқашан тыныштық болсын дегейсіз.

- Кешіріңіз, тағы бір сұрайын дегенім, қойылым кезінде әртістерді суретке түсіруге рұқсат па? Мен фотоаппаратымды ала келіп едім.

- Жоқ, қойылым кезінде болмайды. Фотоаппараттың жарығы жарқылдап, олардың ойынына кедергі келтіреді.

- Ескерткеніңіз жақсы болды. Мұны ескермеппін.

- Оқасы жоқ. Әртістермен суретке түскіңіз келсе, қойылымнан кейін де түсуге болады.

- Кир патшаның рөлінде атағы жер жарған Тұңғышбай Жаманқұлов ағамыз ойнайды екен. Сол кісінің қолтаңбасын алсам деймін.

- Мақсатыңызға жетіңіз. Жүріңіз. Үшінші қоңырау қойылымның басталатынын ескертеді.

- Жақсы. Кірейік. Көмегіңізге көп рақмет.

- Оқасы жоқ.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi