с заданием. Мәтіндерді оқы. Сұрақтарға жауап бер.
1-мәтін.
«Жаз» өлеңі ақынның екінші тынысын ашқандай. Бұл өлеңнен кейін Абай өзіне-өзі риза болып, алғаш рет өлеңіне қанағаттанады. Мұның алдындағы өлеңдері ақынның ішкі сынынан өтпей, биік талғамының көлеңкесінде қалып отырды. Ендеше, «Жаз» өлеңі – Абайды жаңа әлемге жетелеген классикалық туынды деп қорытынды жасауға болады.
2-мәтін.
Абай – асқан реалист ақын. Оның табиғат жырларынан уақыттың әлдеқалай жылы, айы емес, өзі өмір сүрген заман жайы, сол заманда тіршілік кешкен адам жайы айқын көрініс табады. Абайдың табиғат лирикасын оқығанда оқырманның көз алдына сұлық түсіп сұлап жатқан, құлазыған бел белесті шетсіз, шексіз маң даланың жалаң көріністері ғана жайылмайды, даладағы өзгеше өмір қайталанбас сыр-сипатымен тұтас суреттеледі.
3-мәтін.
Ауылдың табиғи тағамдары – сүт, құрт, ірімшігі мен қаймағы, саф алтындай таза ауасы да пайдалы, жанға шипа дер едім. Жаз басталысымен, біздің ауылда да бақша науқаны басталады. Үлкендер жер жыртып, көкөністер егіп, оны баптап күту жұмыстарымен айналысады. Арасында мен де қолғабыс жасаймын. Олар өсе бастаған кезде күтіп, баптап, суарамыз. Кейін табиғатты тамашалап, серуенге шығамыз. Міне, жыл сайын жазғы демалысым осындай қызыққа толы кезеңдерімен есте қалады.
1. қай мәтінде «Жаз» өлеңіне баға беріледі?
2. қай мәтінде ақынға баға беріледі?
3. қай мәтінде ақынның өзіне көңілі толғандығы айтылады?
4. қай мәтінде жаздағы әрекеттер туралы айтылады?
5. қай мәтінде жаздың кереметі сипатталады?

kseniasergeeva10 kseniasergeeva10    2   03.04.2021 08:43    5

Ответы
sig46dg sig46dg  03.05.2021 09:52

1) бірінші мәтінде "Жаз" өлеңіне баға беріледі.

2) екінші мәтінде ақынға баға беріледі.

3) бірінші мәтінде ақынның өзіне көңілі толғаны айтылады.

4) үшінші мәтінде жаздағы әрекеттер туралы айтылады.

5) үшінші мәтінде жаздың кереметі сипатталады.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi