Ғарышқа саяхат Ғарыш гүлзарының көркі ғажап. Небір әсем гүлдер өсіп тұр. Жердегіден
әлдеқайда шапшаң өніп, бой түзейді. Ал гүл шашқаны мүлдем керемет.
Кенет Түйме -Түбіттің даусы елең еткізді.
-Әуп, әуп! Гүл-Жауһар, бері жүрші! -деді күшік. Етегінен тістелеп, қабырғаға
қарай тартты
— Немене, кішкентай, не боп қалды? Мен бос емеспін
— Жүр, қара, терезеге қара,-деді шіңкілдек үнмен үріп-үріп қойған Түйме-Түбіт.
— Кеңістік таза емес, көрші барь...
-Ой, мазасыз Түйме-Түбіт...
Қыз күшігіне ілесіп иллюминаторға келді. Алыстан әлдебір космос кемесі
көрінді. Айырым белгісі жоқ. Бейтаныс. Оның ұшуындағы көзге ұрар бір оғаш тық
- қауіп-қатерге ұшырағандарынан хабардар еткендей, жарқылдап жарық жағып
келе жатқанында еді.
-Кішкентай, Батыр-Болатқа жүгір..
-Мен мұндамын, не нәрсе, Гүл-Жауһар?
-Ана жымыңдаған отты көремісің? Біреулер осылай қарай ұшып келеді.
-Иә, бағыты – ғарышқала Ал бұлайша жарқылдатуы, әрине, апат белгісі Қазір
сөйлесейік.
) Сұрақтарға жауап жаз.
1) Кішкентай күшік нені байқады?
2) Гүл-Жауһар ғарыш кемесінің бейтаныс және апатты жағдайда екенін қалай