Сіз ақын болсаңыз, қандай асыл ыстерды дәріптейсіз? сыни хабарлама жазыныз 70-90 соз

Juliaok12345 Juliaok12345    2   02.12.2021 14:35    0

Ответы
elena111104 elena111104  02.12.2021 14:40

Ақындықтың шығар шыңы көп еңбекті қажет етеді.Ақын болу қиын.Сөз сүмбілелері өз жүрегінің үнін тыңдай отырып,жүрек түкпіріндегін қағаз бетіне қопарады.Ақын болу үшін əр ойдың астындағы мағынаны түсіне білу керек.

Егер де мен ақын болсам,өмірді өзгерту үшін қаламымнан маржандай төгіліп тұратын сырлы сөздер жазатын едім.Əр адамның бойында алып күш жатқандығын сезіндіріп,оның ойын өзгертетін едім.Қаламымның сиясын тауыссам да,адамдарға шабыт беретін туындылар шығаратын едім.Сол арқылы өзіме шабыт алып,кең ойдың құшағында өзіме-өзім мəз болып отыратын едім.Туған жерім жайлы қорғасындай ауыр сөздер,жалынды жырлар шығарып,жылы жүректен-жылы жүрекке,ешқашан өшпейтіндей етіп жыр шумақтарын тілге тиек ететін едім.Эхх,шіркін,ақындық деген менің бойыма тума талант болып біткенде ғой.Жүрек түкпірімдегі сөздерді қағаз бетіне қаламыммен қопара салатын едім.Еш өзгеріссіз,еш өтіріксіз,жалғансыз.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi