Сөйлеу мәдениеті. Сыпайылық, әдептілік Мәтінді оқып, мазмұны бойынша әр бөлімге қойылған тақырыптарды сәйкестендір.
Сөйлеу мәдениетіне мән берсек
Жастардың сөйлеу мәдениетінде көзге түсетін тілдік элементтердің бірі – жаргондар. Құлаққа дөрекі естіліп, ерсі көрінгенімен бүгінгі жастардың бұларды пайдаланатыны өкінішті.
Техникалық терминдерге жастардың, мектеп оқушысының қызығуы екіталай. Ал жаргон сөздер қарапайым, өз орталарында түсінікті болғандықтан оңай қабылданып, тез тіл табысуға ықпал етеді. Мысалы: «Дүкенге барсаң, тіске басар немесе тамақ ала келші» деудің орнына «магазиннен сущняк, хавчик ала салшы», «кешкісін қолың бос болса үйге қонақ болып кет» деудің орнына «кешке если че маған қарай тартыл».
Жаргондарды пайдалану жастардың әдеби сөздік қорларының аздығын көрсетеді. Сондықтан жастарға күнделікті сөйлеу мәдениетінде әдеби тілді пайдалануды қолға алу қажет. Кез-келген мектеп оқушысы таза әдеби тілде сөйлеп кетпесе де, өзге тілдегі сөздерді араластырып, тіл тазалығын бұзбауы тиіс. Олар жаргондарды пайдаланса өз ойын көркем түрде жеткіземін деп ойлайды, бірақ бұл дұрыс пікір емес. Жаргондар эстетикалық жағынан дөрекі болып келеді. Сондықтан оқушы өзін-өзі бұл сөздерден жиіркендіргені жөн, себебі бұл қазақ тіліне төніп тұрған тағы бір қауіп. Бүгінгі оқушы – ол ертеңгі ел беделін көтеруге қалтқысыз қызмет ететін азамат.