Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңдар: 1)" қазақстанның хх ғасырдағы бейнелеу өнеріндегі портреттер" көрмесінде "150-дей портрет болды. 2) оның біраз бөлігі өткен жүзжылдықта жасалған. 3) экспозицияға қойылған жұмыстардың арасында өзара дос суретшілердің портреттері мен автопортреттері де бар.

TITANIKбро TITANIKбро    1   20.06.2019 04:30    1

Ответы
malinka140117 malinka140117  02.10.2020 05:53
"Қазақстанның ХХ ғасырдағы бейнелеу өнеріндегі портреттер" көрмесінде  150-дей портрет болды. 
болды - етістіктен болған баяндауыш
не болды? - портрет - бастауыш
қанша портрет? - сан есімнен болған анықтауыш
қайда болды? - көрмесінде - мекен пысықтауыш
Қай көрмеде - "Қазақстанның ХХ ғасырдағы бейнелеу өнеріндегі портреттер"  - анықтауыш

Оның біраз бөлігі өткен жүзжылдықта жасалған.
жасалған - етістіктен болған баяндауыш
не жасалған? - біраз бөлігі - бастауыш
қашан жасалған? - жүзжылдықта - мезгіл пысықтауыш
қай жүзжылдықта? - өткен - анықтауыш
ненің бірақ бөлігі? - оның - анықтауыш

Экспозицияға қойылған жұмыстардың арасында өзара дос суретшілердің портреттері мен автопортреттері де бар.
бар - баяндауыш
не бар? - портреттері мен автопортреттері  - бастауыш
кімнің портреттері мен автопортреттері? - суретшілердің - анықтауыш
қандай суретшілердің? - өзара дос суретшілердің - анықтауыш
қайда бар? - арасында бар - мекен пысықтауыш
ненің арасында? - жұмыстардың - анықтауыш
қай жұмыстардың - экспозицияға қойылған - анықтауыш
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi