с казахским Мәтінді оқы.
І. Есенберлин. «Көшпенділер» романы
ХХ ғасырдағы көрнекті қазақ жазушыларының бірі І. Есенберлин қазақ әдебиетінің тарихында ең көп (17) роман жазған жазушы.
І. Есенберлин 1969 жылы «Қаһар», 1971 жылы «Алмас қылыш», 1974 жылы «Жанталас» романдарын жазып, жарыққа шығарды. Кейін бұл үш роман біріктіріліп, «Көшпенділер» деген атпен трилогия болып басылып шықты. Трилогияда ХV–XІХ ғасыр аралығындағы Қазақ хандығы өмір сүрген кезең суреттеледі.
«Алмас қылыш» романында ХV–ХVI ғасырларда Қазақ хандығының құрылуы, Әбілқайыр, Жәнібек, Керей хандардың тақ үшін таласы, қазақ руларының бірлесу идеялары суреттеледі.
«Жанталас» романында ХVIІІ ғасырдағы әлеуметтік-қоғамдық тартыстар, халық басынан өткен шапқыншылық оқиғалары бейнеленеді. Романда Абылай хан мен Бұқар жырау, басқа да тарихи тұлғалардың образдары жасалған.
«Қаһар» романында қазақ жерін отарлауға қарсы шыққан Кенесары Қасымовтың күрескерлік образы сомдалған.
Мәтінді оқып, кестені толтыр
Романның бөлімі Не суреттеледі Кезеңі Хандар
(ғасыр)
«Алмас қылыш» романы
«Жанталас» романы
«Қаһар» романы