Расул Ғамзатов "Менің Дағыстаным" атты кітабында: "Ана тілім менің! Сен
маған ризасың ба, білмеймін, бірақ
менің тірлігім - сенсің, мен сені мақтан
етемін. Сонау тұңғиық жер түбінен
жарыққа, күнге, жасыл шөпке асыққан
бұлақ суындай ана тілімнің сөздері
жүрегімнен қайнап шығып, алқымыма
тіреледі. Ернім күбірлейді", - деп
тебірене жырлаған. Сендер осыған
қандай ой қосар едіңдер? Ана тілі
туралы өз ойыңды 4-5 сөйлеммен жаз.
Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы деп тұңғыш президентіміз Н. Назарбаев айтып өткендей, тіл – халықтың алтын діңгегі. Өзін-өзі білетін әр халық алдымен өзінің туған тілін сыйлап, мақтан тұта білуі керек. Өйткені халықтың даналығы, жырлары, шежіресі сол халықтың тілінде жазылады. Тіл – қай ұлтта болса да қастерлі, құдіретті ұғым. Ол әр адамның бойына ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл – халықтың жан, сәні, тұтастай кескін-келбеті, болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі.