ДОДЕЛАТЬ КАЗ.ЯЗ
!
10 предложений о своей профессии


ДОДЕЛАТЬ КАЗ.ЯЗ ! 10 предложений о своей профессии

Sofia8787 Sofia8787    3   12.09.2021 09:01    0

Ответы
necoshevcom necoshevcom  26.11.2021 05:53

ответ: Өмірде мамандықтың түрі көп. Әр мамандықтың өзіндік ерекшелігі бар. Дәрігер адамдарды емдесе, мұғалім оларды оқытады, әнші ән айтады, құрылысшы үй салса, тігінші киім тігеді. Тағы басқа да мамандықтар туралы айта беруге болады.

Менің ойымша, адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек. Өйткені, әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана адам өзін бақытты сезінеді екен. Мен қай мамандықты сүйіп таңдадым?

Ұстаз - таудан арқырай аққан тау өзені секілді, айналасына қуат беріп, жолында кездескендерді суымен нәрлендіріп, таудай қиындықтарды тастай домалатып, білімнің сар даласында тыныштық тауып, дамылдайды. Жас ұрпақты білім нәрімен сусындатар, шәкірт жүрегіне гүл егер, бала жанының бағбаны аяулы ұстаздар ғой. Мен ер жете келе осы мамандық иесі болуды қалаймын. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақындар да, тегеуріне темір балқытқан жұмысшы да, егін еккен дихан да, мал бағып терін төккен шопан да бәрі-бәрі ұстаздан білім алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл а құрметпен бас иеді. Қиындығы мен қызығы мол осы мамандықты бала күнімнен армандадым. А көмектесу – игілікті істердің бастамасы.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi