Әр стильге 2 сөйлем құрастыру

guseva2yul guseva2yul    1   27.05.2021 04:22    0

Ответы
djasiclol djasiclol  26.06.2021 05:02
Ғылыми стиль: Ауа-райының өзгеруі атмосферада өтетін нақты құбылыстарға байланысты. Атап айтсақ, Жер осінің орбита жазықтығына көлбеулігі мен Күнді айналуы салдарынан Жерде жыл мезгілдері ауысып отырады. Публицистикалық стиль: Күз келіп, ауа-райы салқындай түсуде. Синоптиктердің болжауынша аптаның соңына дейін температура 0-ден төмен деңгейде сақталады. Ауызекі сөйлеу стилі: Күн бұзылып кетті. Енді салқын болады дейді. Жылы киіну керек еді.Көркем әдебиет стилі: Жаздың шуақты күндерін артта қалдырып, суық қылышын сүйретіп күз де келді. Аспанға бұлттар үйіріліп, жаңбыр нөсерлете төкті. Ызғар жел далада биледі.Ресми құжат стилі: Барлық нысандарда күзгі-қысқы мезгілге дайындық жұмыстарының жоспарлы шаралары жүргізілді. Ауа-райының ахуалына байланысты жабдықтар кезеңмен іске қосылады.

Объяснение:

Можно лучший ответ и лайк
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi