Р, 5-тапсырма. Берілген мәтінді пайдаланып, сызба құрастырыңдар.
Қазақстандағы үлкен су қорларына Арал теңізі, Балқаш,
Зайсан, Алакөл жатады. Каспий теңізі мұхит деңгейінен 27
метр төмен орналасқан балық қоры мол көл болып табылады.
Арал теңізі де көл. Кейінгі кезде оның аумағы тым кішірейіп
барады. Жер шарындағы ең үлкен көл Каспий теңізінің
солтүстігінің көп бөлігі, оңтүстік жағалауының жартысы
Қазақстанда орналасқан. Бұл көлдердің көбісінен өзен ағып
шықпайды, сондықтан тұзды, кермек немесе Балқаш тәрізді
жартылай тұщы болып келеді. Ал Зайсан мен Марқакөл көл-
деріндегі су мөп-мөлдір.
«Қазақстан еліне сиқырлы саяхат» кітабынан​

gerasimovgleb224 gerasimovgleb224    1   19.01.2021 13:53    0

Ответы
kiramillerthe1 kiramillerthe1  18.02.2021 14:55

Арал теңізі — Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында орналасқан ірі көл. Теңіз XX ғасырда ауданы жағынан 68 мың км2 әлемде төртінші орында болатұғын, бірақ 1960 жылдардан бастап теңіздің суы азайып келеді.

Балқаш — Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы тұйық көл.

Аумағы жөнінен Каспий, Арал теңіздерінен кейінгі үшінші орында. Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарының шегінде, Балқаш-Алакөл ойысында, теңіз деңгейінен 340 м биіктікте жатыр.

Зайсан көлі — Қазақстанның көлдерінің Оңтүстік Алтай және Сауыр, Тарбағатай жоталары арасындағы тектоникалық ойыста жатқан тұщы көл. Көл теңіз деңгейінен 395 м биіктікте. Жағалауы жайпақ. Тектоникалық бөген көлдер типіне жатады.

Алакөл — Қазақстандағы Алматы және Шығыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан тұйық көл, Қазақстандағы ең ғажайып көлдердің бірі.

Сонымен қатар аумағы 20 мың гектардан асатын бұл өлкеге денсаулығын түзеткісі келетіндерден басқа, теңдесі жоқ көлде шомылу мен балық аулағанды ұнататындар келеді.

Каспий теңізі  — Еуропа мен Азия аралығында орналасқан жер шарындағы ең үлкен тұйық көл. Үлкендігіне қарап, оны теңіз деп атайды.

Марқакөл — Шығыс Қазақстан облысында орналасқан әдемі көлдердің бірі. Көл Азутау және Күршім жоталарының аралығында, теңіз деңгейінен 1449,3 м биіктікте орналасқан. Суының мөлдірлігі мен көлді айналдыра қоршаған биік таулардың және әсем шыршалардың келбеті табиғатқа керемет көрініс береді.

Объяснение:

Не за что) устал копировать XD

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi