Производный корень в казахском языке это как понять? например скажите слова! и правило если можно. и образование какие бывают.

Yulduzka28 Yulduzka28    2   20.03.2019 11:10    9

Ответы
Nonna7229 Nonna7229  26.05.2020 07:26

Түбір. Негізгі түбір. Туынды түбір.

Түбір – сөздің әрі қарай бөлшектеуге келмейтін, лексикалық мағынасын сақтаған негізгі бөлігі.

Негізгі түбір (негіз) - непроизводный корень – сөздің өзекті, мағыналы бөлігі. Негіз түбір арқылы жасалады, белгілі бір сөз табының құрамына еніп, оның барлық тұлғалық категориясын қабылдайды.

Туынды түбір – производный корень - белгілі бір жұрнақтар арқылы негізгі түбірлерден өніп өрбіген сөздерді айтамыз.Мысалы: Бұр, күй, біл, би, бас, аз, қыс сияқты түбір сөздерге –ғы, -ім, -мақ, -тық, -ай, -қаш жұрнақтарын жалғау арқылы бұрғы, білім, күйші, бастық, қысқаш тәрізді туынды түбір жасауға болады.

Туынды түбір сөздер қазақ, орыс тілдерінде кең қолданылады. Туынды түбір негіз сөзден сөзжасамдық жұрнақ арқылы жасалып, туынды лексикалық мағынаны білдіреді: өнер-паз, өн-ім, бал-гер, сән-қой, сан-а, жас-ар, тау-лы, же-м, оқу-шы, бала-лы, орын-дық, сыр-мақ т.б. Туынды түбір екі морфемадан құралады, олар: негіз сөз және сөзжасамдық жұрнақ. Туынды түбірдің лексикалық мағынасы негіз сөздің мағынасынан жасалады, сондықтан негіз сөз бен туынды түбірдің лексикалық мағынасы байланысты болады. Мысалы,ас – асхана, әсем – әсемпаз, өнер – өнерлі, қол – қолда(у), жаз – жазғы, біл – гір, мәсі – мәсішең, бұр – бұрғы, күре – күрек, аш – ашқыш т.б.

Туынды түбірлер тілдің сөздік қорын байытады.

Туынды сөздер мен туынды түбір бір емес. Туынды түбір тек жұрнақтар арқылы негізгі түбірден туған сөздер ғана болса, ал туынды сөз тек түбір сөзден ғана жасалады, сонымен бірге туынды түбірдің өздерінен де өрби береді. Мысалы: біл,білім,білімпаз, білгіш деген сөздер. Сөйтіп негізгі түбірге бір жұрнақ жалғанып, туынды түбір жасауға оның үстіне тағы да жұрнақ жалғап, туынды сөз тудыруға, одан әрі де келесі жұрнақты жалғап өрбіте беруге болады.Мысалы: өн – өнген, өнбе,өнбес ,өндірген, өнгіз, өнгізер, өндір, өнім,өндіріс,өнімпаз т.б. Мұндай сөздер бір-бірімен түбірлес сөздер деп аталады.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi