Практикалық жұмыс.1-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, морфологиялық талдау жасаңыз. ..А жаны сірі, көнтерлі екен ғой, қанша күйреп, тұра алмастай жер боп, сенері де, сүйенері де жоқ, тауы шағылып, меселі қайтып, сағы сынғанмен, қандай күш, қандай құдіреттің күш беретінін кім білсін, бұралқы иттей қыңсылап, жарасын жалап, итжандылықпен орнынан тұрып, бойын көтереді. (Б.Тілегенов «Өмір өзен»). ...О бастан қанағатшыл Гүлбаршын белі талып, білегі сыздаса да, денесінен қару – қайраты қайтса да, тәубесіне қайта түсіп, аштан өліп, көштен қалған жері жоқ, еңсесін көтеріп, басын тік ұстап, жұртқа басын бұрды, күнделікті күйбең тіршіліктің қамына кірісті. (Б.Тілеген.«Өмір өзен»). Халық мәдениеті қаншалықты көне болса, оның зерттелуінің тарихы да соншалықты тереңге тамыр созады.(Газеттен.) Таныған жерде бой сыйлы, Танымаған жерде тон сыйлы. (Мақал.) Арқаға ауыр жүк батса, Нар да қашар жауырдан. Жайылымды жерге бақпаса, Аруана қашар сауыннан. (А.Өтегенов.) Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда, Үлкен бақыт табу үшін ғаламда, Үлкен болып қалу үшін ғаламда, Үлкен арман керек екен адамға! (М.Шаханов.)​

silamiaso1 silamiaso1    1   27.10.2020 13:06    2

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi