ПО-БРАТСКИ НАПИШИТЕ ЭССЕ Жаһандық энергетикалық дағдарыс.

ts250484p0bsmh ts250484p0bsmh    1   23.10.2020 10:14    3

Ответы
Ника7002 Ника7002  22.11.2020 10:15

Вот это кажется правильно если много тебе этого слишком много можешь сократить.

Жаһандық энергетикалық тоқырау соңғы жылдары жиі-жиі бой көтере бастаған экономикалық дағдарыстардың негізгі себебіне айналды. Дүниежүзілік дағдарыстардың созылмалы сырқаттары қолданыстағы энергетиканың мүмкіндіктерінің сарқылып бара жатқандығын байқатады. Енді ол тауардың өзіндік құнын арзандатып, экономикалық өсімге қол жеткізуге тиімді жағдай жасай алмайды. Энергетикалық қуат көздерін игерудің күннен-күнге қиындауы және оның бағасының қымбаттауы экономикалық дамудың болашағын тығырыққа тіреді. Осыған байланысты бүгінгі таңда адамзаттың алдыңғы қатарлы ақыл-ойы «энергетикалық тоқырау», «энергетикалық қатер», «энергетикалық төңкеріс» атты ұғымдар төңірегінде толғануда.  Тоқырау Жаһандық энергетикалық тоқырау нышандары алғаш рет ХХ ғасырдың 70-жылдарында орын ала бастады. Әлемде мұнай бағасының тұңғыш рет күрт көтерілуі энергетикалық дағдарыс туғызып, бүкіл дүние жүзінің экономикасына әсерін тигізді. Көп ұзамай мұнай бағасы тұрақтап, энергетикалық даму қайтадан қарқын алды. Бірақ осы бір оқиға арзан да мол мұнай дәуірінің аяқталып келе жатқандығын аңғартты. «Жаһандық энергетика дағдарысының болмай қоймайтынын бүгінде барша жұрт толық түсінеді, сондықтан да техника мен ғылым үшін қуат проблемасы алдыңғы қатарға шығып отыр», деп жазды атақты П.Л.Ка­пица 1975 жылы. Иә, көмір адамзат тарихындағы өнеркәсіптік төңкеріс дәуірін бастады. Ал ХІХ ғасырда а электр қуатын ойлап тауып, өнеркәсіптік төңкеріс жетістіктерін еселей түсті. Қолжетімді әрі сенімді көмір, мұнай және газ сияқты қазба отын көздерінің арқасында адамзат ХХ ғасырда энергетикалық молшылық дәуірін бастан кешірді. Оның молшылығы соншалық, жер шарын мекендейтін жеті миллиард халық электр қуатынсыз «шырпы басын сындыра алмайтын» халге жетті. Тіпті, жаһандық ауқымда жарты күн электр энергиясы болмай қалса, техногендік дәуір перзенттерінің тіршілігі толық тұралап қалар еді. Жұмыр жерді мекендейтін жеті миллиард адамның шексіз энергетикалық сұранысын дәл бүгінгі күні де көмір, мұнай және газ арқылы өндірілетін электр қуаты қамтамасыз етуде.

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi