Перевод есте жоқ ерте заманда бидай өз бетiмен өседi екен. бiр жылы қатты қуаңшылық болады. күннiң оттай ыстық аптабынан, ылғалдың тапшылығынан өсiмдiк бiткен сұмдық тарығады. сол бiр кезде тiршiлiк үшiн жанталасқан өсiмдiк атаулы ақ бидайды жан-жағынан қаумалай, тұс-тұсынан алқымға ала бастайды.
тамыры мықтылары бидай өсiп тұрған жердiң астындағы суды тартып алады. оның маңындағы қорегiн жырып әкетiп жатады. кейбiр бойшаң бұталар күннiң көзiне қасақана тұрып алып, жарық түсiрмей бағады. сөйтiп, ақ бидайдың жағдайы күннен-күнге нашарлай бастайды.ақырында, өлер халге жетедi. сосын ол
олай-былай жүгiрiп, жортып өткен әр қилы аңдардан жәрдем сұрайды. үстiнен әрлi-берлi қалықтап ұшып өткен үл-кен-кiшi құстарға да жалбарынады. бiрақ оның өтiнi-шiне, мұң-зарына ешқайсысы құлақ аса қоймайды.ендi өлдiм ғой деген сәтте ақ бидайға садақ асын-ған, қолында найзасы бар, аң аулап жүрген
кезi-гедi. бидай байқұс көзiнiң жасын төгiп тұрып, ға мұңын шағады, мүшкiл халiн бастан-аяқ баяндап бередi. бiраз ойланып тұрып, ақырында, бидайдың өтiнiшiн қабыл алады. садағын жерге қойып, найзасын бұтаға сүйей салады да, бiлегiн сыбанып жiберiп, бiрден iске кiрiседi. ақ бидайдың айналасындағы
жауыз шөптердiң бәрiн қолымен жұлып отап, тып-типыл қылады. олардың бидайға ауыз салып жатқан арам тамырларын найзасының ұшымен қопарып тастайды. сосын бiраз жердегi ағып жатқан бұлаққа барып, тақиясын толтырып су әкеледi.әлсiреп қалған ақ бидай мөлдiр суға қанып, өзiнiң көзiн құртқалы тұс-тұсынан
анталап келiп калған жа-уынан құтылғаннан кейiн бой түзеп, құлпырып сала бередi. да ауық-ауық келiп-кетiп, ақ бидайға қамқор болып жүредi. қаскөй шөптер мен тiкендердi. бидайдың маңына жолатпай, мезгiл-мезгiл суарып тұрады.содан күзге салым бидай сарғайып пiседi. баданадай бар дәнiн, бiр түйiрiн
шашау шығармай ға тарту етедi. сыйға алған дәнiн бiр күз, бiр қыс сақтайды. көктем шыққаннан кейiн ақылы мен бiлiгiнiң арқасында үйшiгiнiң алдындағы тегiстеу жердi қопсытып, соған әлгi дәндердi сеуiп тастайды. жаз бойы арам шөптердi жұлып, уағында суарады, баптап тұрады. ақырында, еңбегi зая кетпей,
күзде дән сепкен жерiнен бiр дорба бидай алады. келесi жылы – бiр қап, сосын – он қап, сөйте-сөйте – мың қап, қойшы, бара-бара жететiндей бидайды әлденеше еселеп, миллион қап етiп алатын болады. мен ақ бидайдың ажырамас достастығы есте жоқ ерте заманда осылай басталған екен.

SophiaB SophiaB    2   08.10.2019 06:30    4

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi