Отбасы туралы 3күрделі сөз қосып жазу керек

k1122 k1122    2   28.12.2020 07:57    0

Ответы
Asika11 Asika11  27.01.2021 07:57

Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі. Отбасын бірлесіп бірге күн көретін, туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы құрайды. Ал жанұяның береке-бірлігі – әр сәбидің, әр баланың болашақ қадамы мен бақытты жүзінде.  «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» дегендей, бала тәрбиесінде және оның дара тұлға болып қалыптасуында ата-ананың рөлі мен отбасы құндылығының маңызы өте зор. Отбасы деген шағын ғана мемлекетіңіздің берік те бақытты болуы үшін, ең бастысы, өзгелерді, соның ішінде бірінші болып балаларды бақытты ету керек. Ұлт өмірінің іргетасы, негізін қалаушы – отбасы болса, отбасының іргетасы – бала. Ал бала отбасының жылуын, қолдауын сезінгенде ғана бақытты болып ержетеді. Ендеше назарларыңызға отбасы, ата-ана, бала жайында айтылған қанатты сөздер легін ұсынамыз.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi