Отарлау саясатының салдары қандай болды? Шығармадан мысал келтіріңдер. • Ел тағдырына байланысты қандай көкейкесті мәселелерді байқадыңдар? Шығармада Асанқайғы бейнесі жиі кездеседі. Себебін қалай түсіндіресіңдер? Хрестоматиядан толғауды толық оқып, мысал келтіріңдер. • Толғаудан Кіші жүздің жеріне төнген қауіпті байқаймыз. Осы кезеңде қазақ жерінің басқа да аймақтарындағы жағдай қалай болды деп ойлайсыңдар? Тарихқа көз жүгіртіңдер. • География пәнінен алған білімдеріңді пайдаланып, Қазақстанның батыс өңір- лерінің табиғи ерекшеліктерін анықтаңдар. Шығармада берілген сол жерлердің суреттелген тұстарын тауып оқыңдар