Орсетеді. Зергерлер
Зергерлік өнер — қазақ қолөнерінің бір түрі. Зергерлік өнер Ұлы
елінің Сән-салтанатын, байлығын, биік талғамын көрсетеді. Зерге:
көбінесе әйелдердің сәндік бұйымдарын жасайды. Сәндік бұйымда
білезік, сақина, жүзік, сырға жатады.
Сырға — құлаққа тағатын сәндік зергерлік бұйым. «Сырға тіл-көзден
сақтайды» деген түсінік бар. Құлаққа сырға таққанда: «Құлағың ауырма.
Сын, жаман сөз естіме, ажарлы бол!» — деп тілек айтқан.
Білезік — ертеден келе жатқан білекке тағатын сәндік бұйым. Қыз
бала 3-4 жасқа келген кезде ата-анасы білезік соқтырған. Білезікті екі
қолға, кейде бір қолға тағады. Кейде бір қолға екі білезік тағады. Әшекей
бұйымдарды «Қыз бала сән-салтанатта өссін!» деген оймен алтын-күмістен
соқтырған. Білезік бергенде: «Қолың өнерлі болсын!» – деп тілек айтқан.
Сәндік бұйымдар оюмен әшекейленген.
Жүзік — қыздар мен әйелдердің саусағына тағылатын зергерлік бұйым.
Зергерлер жүзікті асыл тастармен безендіріп, ою-өрнекпен әшекейлеген.
Зергерлік бұйымдар қазақ өнері мен мәдениетін паш етеді.
Пять во