Оқылым тапсырмалары 1. Әңгіменің негізгі идеясын үш сөйлеммен тұжырымдап, ойымызды мақал мәтелдермен түйіндейік. 2. Ұршық, мәсі, шылауыш, кимешек сөздерін қатыстырып, сөйлем құрайық. Осы заттарды көргендерің бар ма? 3. Кейіпкерлердің қонаққа барғанға дейінгі көңіл күйлері мен қонақтан қайтқан кездегі көңіл күйлерінің өзгеру себептерін анықтайық. 4. Кейіпкерлердің ойындағы нағыз әженің бейнесі берілген үзіндіні тауып оқиық. 5. Әңгіме үзіндісінде берілген суреттеулерді пайдалана отырып, «Нағыз әженің» портретін жазайық. 6. Шығармадағы әже және Райхан мен Аяның ойындағы әжелердің бейнесін салыстыра сипаттайы керек