5-тапсырма. Ая мен Райханның түсінігі бойынша нағыз өже
қандай болуы керек? Не себепті олар әжені көруді армандады?
Берілген үш эпизодты салыстырып, өз ойларындағы өженің пор-
третін құрастырыңдар.
«Өзі мейірімді де ақылды адам. Ешкімге ешқашан
ұрыспайды, ұрса қалса, орнымен, теріс қылығыңа өзің
ұялатындай етіп ұрсады. Үні де, қолы да, көзқарасы да
жұмсақ, жұрттың бәрімен: «Қарағым, айналайын», – деп
жылы сөйлесетін иманжүзді қария. Өзі ылғи шаруа істеп,
күйбеңдейді де жүреді. Тіпті ештеңе істемеген күннің
өзінде ұршық иіріп отырады...» «Ұршық деген немене?» —
дейді Ая сөзімді бөліп. Менің әңгімемде сәбилер түсіне
бермейтін жайлар көп. Мен сонда да сөзімді әрі қарай
жалғастыра түсіп, өжейдің үстіне қамзол, басына кимешек,
шылауыш киетінін айттым.
Есіктен кірісімен, кідірмей іздегенім – елден кел-
ген шешей. «Жаңылыспай, дәл танитын шығармын», –
деп ойласам да, көзімді тиянақтата алмай, сәл-пәл іркіліп
қалғаным. Дастарқан басына келіп жайғасқаннан кейін
ғана байқадым ол кісіні. Өзінің сырт нұсқасы мен білетін​

03021971 03021971    1   28.04.2020 08:23    72

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi