ІІ. Оқылым. 99-бет 7-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыздар. Мәтін бойынша жоспар құрыңыздар. Прочитайте текст. Составьте по тексту план. Айша Бибі кесенесі — өзінің аңызға толы рухани құндылығымен қатар сәулет өнеріндегі ғажайып, әлемде теңдесі жоқ ескерткіш. Ескерткішті қалаған кірпіштердің әртүрлілігінің өзі таңғалдырады. Оның алғашқы қалпы біздің уақытымызға дейін тек батыс қабырғасында сақталған.

2001—2004 жылдар аралығында қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Кесенені қайта қалпына келтіру үшін Түркістан Реставрация филиалының қайта жасаушы шеберлері үш жыл бойы ізденіп, оның кірпішінің жасалу технологиясын зерттеді.

Ескі технологиялы пештерді қолдану арқылы 72 түрлі белгі салынған плиткалар дайындалды. Сондай-ақ кесененің іргетасын қатайту, қабырғаларын көтеру, ішкі және сыртқы желкендерін жөндеу секілді қиын жұмыстар жүргізілді.



MaksimysLA MaksimysLA    1   25.11.2020 15:21    2

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi