ОҚЫЛЫМ 6-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнындағы ақпараттардың
маңызын талда. Негізгі және қосымша ақпаратты тап.
Адамзат үшін тілдің маңызы ерекше. Бұл тек қатынас
құралы
ғана емес, әр адамның өмір сүруі үшін ауадай қажет
байлығы.
Жақында Жапония ғалымдарының Токио қаласындағы
перзентханалардың бірінде ғылыми-зерттеу жұмыстары жүр-
гізілген. Сонда үш ұлттың жаңа туған нәрестелеріне бір тәжірибе
жасаған. Сәбилердің тыңдау қабілеттерін тексеру үшін жылаған
кезде басқа тілдерде сөйлеп, жұбату сөздерін айтқан. Сәби жы-
лауын тоқтатпаған. Ал олардың әрбірінің ана тілінде сөйлеген
кезде нәрестелер жылауын сап тыйып, үнсіз қалған. Халқымыз
бала тәрбиесі ананың құрсағында болған сәттен басталады деп бе-
кер айтпаған екен. Анасы өз тілін білмейтін балада да ана тіліне
деген мұқтаждық болады екен. Бірақ адам өсе, есейе келе оған
мән бермеуі мүмкін. Әйтсе де өмірдің соңғы белесі қарттыққа
аяқ басқан шақта туған тілде сөйлеуге қажеттілік қайта оянады.
Бұл ғылыми дәлелі бар шындық.
(Нурлан Әмзебайұлы Жұмабаев)​

мили241 мили241    2   08.09.2020 10:22    8

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi