Оқылым 1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, тест сұрақтарына жауап беру.

Ұлы Жібек жолы Байырғы заманда жердің түкпірінде тұратын адамдар бір-бірімен сауда жүргізген. Алғашында ол қажетті заттармен айырбас ретінде жүзеге асқан. Мысалы, асыл тастар, алтын, күміс, тұз, шипалы өсімдіктер мен хош иіс сулары, азық-түлік және басқа да тауарлармен алмасқан. Кейіннен ақшаға сауда-саттық басталып, базар, жәрмеңке, сауда жолдары ашылды.

Ұлы Жібек жолының Қазақстан жерінен өткен жолы Сауран қаласы болды. Қазақстан жеріндегі орта ғасырдағы ірі қалалардың бірі. Жібек жолындағы тағы бір тарихи қала – Иасы, кейіннен Түркістан атанған. Түркістан ертеден «екінші Мекке» деп аталып кеткен. Қожа Ахмет Иассауидің кесене ғимараты – бүкіл Орта Азиядағы сәулет өнерінің керемет үлгісі болып табылады.

Жібек жолындағы даңқты қалалардың бірі Отырар еді. Бүкіл Шығысқа аты әйгілі қала ең алғаш Фараб деп аталды. Әл Фараби атанған ұлы ғалым Әбу Насыр Ибн Мұхаммед шыққан қала.

1.Мәтіннің жанрын анықта.

А) мақала

В) әңгіме

Д) ертегі

Г) повесть (1)

2. Жібек жолындағы даңқты Отырар қаласы ең алғаш қалай аталған?

А) Иасы

В) Фараб

Д) Сауран

Г) Отырар (1)

3. Ұлы Жібек жолы Қазақстанда қай қаланы басып өтті?

А) Отырар

В) Сауран

Д) Түркістан

Г) Фараб (1)

4.Отырар қаласынан шыққан ұлы ғалым.

А) Аристотель

В) Әл Фараби

Д) Ахмет Иассауи

Г) Абай Құнанбайұлы

(1)

2-тапсырма . Мәтін бойынша кестедегі ақпараттың дұрыстығын тексер. (2)

№ Сөйлемдер Дұрыс Бұрыс (дәлелде, өз ойыңды қосуға болады. 1-2-сөйлем.)

1 Мысалы, асыл тастар, алтын, күміс, тұз, шипалы өсімдіктер мен хош иіс сулары, азық-түлік және басқа да тауарлармен алмаспаған.

2 Жібек жолындағы белгісіз қалалардың бірі Отырар еді

Жазылым.

3-тапсырма . Мәтінді оқы. Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастырып жаз. Мәтіннен құрмалас сөйлемді тауып, құрмалас сөйлемнің қай түріне жататынын атап көрсет. (3+1)

Өте ерте кездері Қытайдан бастап Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты пайда болған. Тек ХІХ ғасырда ғана бұл жолдың атауын неміс географы Фердинанд фон Рихтгофен қолданысқа енгізген екен.

«Ұлы Жібек жолы» - адамзат өркениетінің тарихи ескерткіштердің бірі. Жолдың бұлай аталуына сауданың негізгі заты Қытайдан шығарылатын жібек мата себеп болды. Бұл жол Еуропа мен Азияның - Батыс пен Шығыстың арасын жалғастырған көпір жолы болған.

Бұл жолдың басым бөлігі Орта Азия мен Қазақстан жерінің үстімен өтті. Жол Қытайдан басталып, Қазақстанның ежелгі қалалары - Түркістан, Қашғар, Жетісу, Сырдарияны жағалап, Арал маңынан әрі қарай Батыс елдеріне өткен.

Жібек мата, былғары, темір, фарфордан жасалған тұрмыстық бұйымдар мен қару-жарақтар, киім-кешек, шабдолы, өрік сияқты жемістер керуен арқылы сауда үшін тасымалданған.

Қазіргі күні Қазақстан мен Қытай елдерінің арасында ынтымақтастығын бекіту үшін конференциялар, жобалар ұйымдастырылып жатыр. Оның басты мақсаты - Қазақстан мен Қытай арасындағы Ұлы Жібек жолының қайта жаңғырту.

Бағалау критерийі № тапсырма Дескриптор

Білім алушы

Мәтінді мұқият оқып,

тест сұрақтарына жауап бер, ақпараттың дұрыс-бұрыстығын анықтап, дәлелде 1-2-тапсыр

ма 1.Мәтіннің жанрын анықтай алады 1

NikaEvgen NikaEvgen    2   14.12.2020 15:17    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi