Оқылым 1. Мәтінді оқып, олардың тақырыбы мен құрылымын салыстырыңыз, А мәтіні Достығымыз әлемге әйгілі Қазақстан көпұлтты Республика екені бұрыннан белгілі. Кеңестік дәуірде ҚСРО-дағы жалғыз интернационалды ел аталғанымыз тегін емес. Ежелден бауырмал, қайырымды қазақ халқы тағдыр-тәлкегіне ұшырап, әлемнің ар тарапынан келген ұлттарды жатсынбай, оларды туған туыстарындай жақсы көрді. Міне, сондықтан, қазір Қазақстан көпұлтты мемлекет атанып отыр. Дәл Казакстан сиякты ұлттар достығы өнеге, халыктар достығы үлгі – дүниежүзінде ел жоқ. Біздегі халықтың ынтымак, бірлігіне, жарастығына тәнті болған шетелдік саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері «Қазақстаннан үйрену керек» дегенді жиі айтады. Барлык ұлттардың терезесі тен, мүдде-максаты бір және олардын еркін енбек етуіне, кәсіппен шұғылдануына, саясатпен айналысуына барлык жағдай жасалған ғой. Ең ерекшелік сол – кейбір ұлт өкілдерінің балалары мектепте өз ана тілінде оқиды. Мысалы, Ресейде мұндай үрдіс жоқ.
Қазір адал еңбектерінің арқасында кәсіппен шұғылданып, байып жаткан отбасылар көбейіп, қауымға айнала бастаған ұлт диаспоралары бар. Ұлттық салт-дәстүрлерін сақтап, өз діндерін ұстанып, бір шанырак аясында тату тәтті өмір сүріп жатқан халық тек Қазақстанда жасап жатыр. Бұған әрине, қуанасың және мақтанышпен айтасың. Осындай ел бірлігі мен тұтастығы жолында бағдарламасы мен максаты бар Казакстан Халық Ассамблеясының жұмысына дүниежүзі риза десек артық айтпаймыз. Әрине, оның басында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтын тұрғаны айтпаса да түсінікті.