О чем стихотворение жігіт сыны Ақан сері Қорамсаұлы Жігіт боп гауhар тастай асыл болса,
Әлсізге жаны кілең ашыр болса.
Әрқашан жігіт сондай тәуір болмас,
Не пайда шүберектей жасыл болса.
Көзі де, көңіл де соқыр қараңғының,
Несі адам түк білмейтін масыл болса.
Наркескен қайрылмайтын қылыш болса,
Мінез, ақыл, өнері дұрыс болса.
Бір сырлы, сегіз қырлы болса жігіт
Жорғадай тілі майда жүріс болса.
Ақылды, сабырлы ер деп соны айтамыз,
Еткені берекелі жұмыс болса.
Бұл айтқан ақылымда жалған бар ма?
Көріңдер миға салып бұрыс болса.
Бозбала шамшырақтай фанар болса,
Ішінде қалың топтың жанар болса.
Ақиқат адамдықтың белгісі сол,
Су берсең, балдай көріп қанар болса.
Ақылсыз кейбіреудің мінезі сол,
Бір сөзді екі қылып жамар болса.
Бұл саған айтқан, досым, өсиетім,
Жүре бер тыңдамай - ақ залал болса

niqwe niqwe    1   10.01.2022 22:57    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi