Нужно сочинение про национальную казахскүю одежду на казахском

valera228005 valera228005    3   07.07.2019 06:30    1

Ответы
Amaliya211013 Amaliya211013  30.07.2020 08:28
Халқымыздың ұлттық киімдері өте көп.  тымақ- ерлердің бас киімі. оны аңның , малдың терісінен тігеді. ОЛ түлкі тымақ, елтірі тымақ, сеңсең тымақ деп аталады. Тымақ қасиетті бас киім оны айырбастауға болмайды. Бөрік-оны ерлерде, қыздарда киеді. Бөріктің сырты мақпалмен, барқыт сияқты қымбат маталармен көмкеріледі.Жиегіне қымбат бағалы аң терілері  тігіледі, тері түлеріне қарай, кәмшат бөрік, сусар бөрік, түлкі бөрік т.б аталады.     Сәукеле- ұзатылған қыз киетін бас киім. Сәукеле 2-3 қарыстай биік, дөңгелек төбе жағына қарай жіңішкере береді. Қымбат маталармен қапталып, ақық, інжу, лағыл тастармен көмкеріледі. оны тек байдың өыздары киеді, сәукелеге қарап қыздың дәрежесі бағаланады.Шапан- қазақтың кәделі киімі. Оны мықты матадан тігеді. Ішіне жүн, немесе мақта салады. Жақы- ертеректе ауқатты адамдар  киген,жағалы, асыл киімдердің , бұл күнде сирек кездесетін киімдердің бірі.Ішік- сыпайы әрі сәнді киім. Сырты берік матадан, іші аң, мал терісінен тігіледі.Ішіне салынған терісіне қарай ол    күзен ішік, суыр ішік, жанат ішік, қасқыр ішік т.б атала береді.Шекпен- тек қана түйе  жүнінен тоқылады. Қамзол- әйел киімі.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi