Найти сочинение на тему "кыз жибек"?

aisha834 aisha834    2   13.03.2019 21:20    4

Ответы
azamatmarahimov azamatmarahimov  07.06.2020 01:14

Қыз Жібек - қазақ халқының жыры, қазақтың ең көне мұраларының бірі, лиро-эпостық дастандарының ішіндегі ең көркемі. «Қыз Жібек» жыры - аңыз емес, тарихи оқиға, кейіпкерлері өмірде болған адамдар. Жырдың негізгі кейіпкерлері - Төлеген мен Жібек бірін-бірі шын сүйген ғашықтар, бірақ әке батасынан аттап кеткен Төлегеннің өлімі мен Жібектің қайғылы тағдыры талай жанарларға жас үйірілтпей қоймайды. Жібек бейнесі - сұлулық пен әсемдіктің символы, қазақ халқының мақтанышы, рухани ескерткіш.ҚЫЗ ЖІБЕК, Халық эпосы қазақ баласының рухын көтеріп, санасын түзейтін ғасырлар үні, еліміздің рухани байлығының көне көзі. Халықтың ұлттық мінез ерекшеліктерін, көзқарасын, тарихы мен дүниетанымын, менталитеті мен тілін, мәдениеті мен ой-өрісін суреттей отырып, тарихи шынайылық пен көркемді-моральдік құндылықтың дәлелі болған бұл өнер түрі ғасырлар бойы әр кезеңнің құжаты болып, ұлттың рухани сұраныстарына сай дамып отырған. 

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi