Қыс туралы эссе Қыс келді.Айнала аппақ мамық қар жатыр.Өзенге қалың мұз қатты.Қыстың ауа райы суық,қыста боран соғады.Ал балалар қыста мәз-мейрам болады..Олар қардан аққала жасайды,қармен атысады.Қыста балалар коньки шаңғы тебеді,шанамен қар үстінде сырғанайды.Олардың жүздері күлкіге толы ,олар сондай қуанышты сезімде болады Аппақ қар а қуаныш, жаңалық тазалық әкеледі..Қыста далада көп ойнаған денсаулыққа өте пайдалы.Өйткені қыстың күні ауа таза болады. Қыс тамаша мезгіл.

MashaTears1 MashaTears1    3   30.12.2020 08:52    0

Ответы
nogood2 nogood2  30.12.2020 09:00

Қыс туралы эссе

Қыс келді.Айнала аппақ мамық қар жатыр.Өзенге қалың мұз қатты.Қыстың ауа райы суық,қыста боран соғады.Ал балалар қыста мәз-мейрам болады..Олар қардан аққала жасайды,қармен атысады.Қыста балалар коньки шаңғы тебеді,шанамен қар үстінде сырғанайды.Олардың жүздері күлкіге толы ,олар сондай қуанышты сезімде болады Аппақ қар а қуаныш, жаңалық тазалық әкеледі..Қыста далада көп ойнаған денсаулыққа өте пайдалы.Өйткені қыстың күні ауа таза болады. Қыс тамаша мезгіл.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
leila323 leila323  30.12.2020 09:00

Қыс – мезгіл ішіндегі ең пәк, ең ажарлы, ең сұлуы. Кең даланы ақ көрпеге орап, ақ дүниенің кіршіксіз белгісі болып жататын ақ қардың аңғалдығы, күн түссе еріп кететін нәзіктігін-ай!

Басқан сайын табаныңа жабысып, қытырлаған дауыс құлағыңа жеткен кезде құрышы қанып, көңілі босап сала беретіні де рас. Бұл – аппақ қардың дауысы. Қылышын сүйретіп келген қыстың аязы бетті қарыса да, тоңдырса да жаныңызда бір жылулық бар. Бұл – мезгілдің адамға әсері.

Қыс – балалық шақтың естелігі. Қыс – аппақ қар секілді кіршіксіз сезімдердің бастамасы. Шанасын көтерген балақайлар, олардың жүзіндегі қуаныш, қамсыз көңіл – бәрі-бәрі адамды бей-жай қалдырмайды. Қыстың самалына тоңған сыңай танытып, құшағыңызға тығылған сүйіктіңізді көргенде әлем сіздің алақаныңызда тұрғандай күй болады. Көктем бүр жарған сезімдерді қайта оятушы болса, қыс сол нәзіктікті ұстайтын, берік ететін мезгіл.

Омбы қарға көміліп, аунаған сайын қардың салқыны сезілмей де қалады. Табан астында – аппақ көрпе, төбеңізде – күн сәулесі. Бүкіл әлем күнәсіз періште дүниеге оң көзімен қарап тұрғандай. Сәулемен шағылысып көздің жауын алатын қар ұшқыны бейне бір жақұт тәрізді. Қолыңызға түссе еріп, бетіңізге тисе сусып сала беретін мамық қардың сізге айтары бар секілді...

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi